Сонымен бірге баяу қызатын, ауыр сазды топырақты жерлерде мөлшерді 8-10 пайызға көбейткен жөн.Біркелкі мақта өскінін алу үшін шиттің себу тереңдігін анықтаудың маңызы үлкен. Шиттің себу тереңдігін анықтауда, сол себу кезеңінде ауа райының жағдайына, топырақтың түрі және ылғалдылығына қарап анықтаған дұрыс. Топырақ керекті дәрежеде қызса, ылғалдылығы жоғары жерлерге 3-4 сантиметр тереңдікте шитті тастаған жөн.Оңтүстік Қазақстан облысының солтүстік аудандарында шитті 5-6 сантиметр тереңдікте тастауға да болады, ал жер асты сулары жоғары жатқан Оңтүстік аудандарда (Мақтаарал, Шардара) бұл көрсеткішті 3-4 сантиметрге жеткізсе де жетерлік.Қорыта келгенде әрбір агротехникалар әдістерді жүргізер алдында жергілікті топырақтың, ауа райының және де басқа да факторларды ескере отырып жүргізсе мақта қозасына мол өнім алуға қол жеткізіледі.