Бұл аймақшаға Түркістан және Бөген аудандары кіреді. Келес-Сарыағаш аймақшасынан өзгешелігі мұнда жауын-шашынның мөлшері мен жауын-шашынды күндер аз болады. Суармалы егіншілік жеткілікті дәрежеде дамыған. Топырақтың беткі қабаты - оңтүстіктегі ашық түсті сұр топырақ. Каратаудың аласа жайпақ бөктері - әдеттегі сұр топырақ. Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейі осы аймақшаға ұласып жатыр. Оның жоғары бөлігінде жайпақ өзектердегі тау даласының топырағына шыққан алуан түрлі шөптерден құралатын бетегелі-селеулі өсімдіктер бар.