Көктемде, кеш келетін саздылығы жоғары жерлерге мала жүргізуге болмайды, себебі ол топырақтың тығыздалуына алып келуі мүмкін. Тырма жұмыстарын мақта шитін себу алдында ғана жүргізу мақсат емес, оны топырақтың пісуіне қарай ерте, 20-25 күн алдын жүргізген дұрыс. Сонда ғана топырақтың беті бір тегіс болуын, жиналған ылғалдылықты сақтап қалуға, соның есебінен уақытында біркелкі мақта өскінділерін алуға мүмкіндік туады (кесте 7).