Өсіп даму кезеңдерінде мақта қозасын баптауда кемінде 32 агротехникалық шаралар жүргізіледі. Бірнеше агротехникалық шараларды бір мезгілде жүргізе отырып, кететін шығын мөлшерін азайтуға, алынатын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге болады. Ерте көктемде жүргізілетін тырма жұмыстарын, тырмалардың қатарын көбейту арқылы 2 рет жүрудің орнына бір рет жүргізуге болады. Сонымен қатар чизелді, тырманы және маланы бір-мезгілде жүргізе отырып, көп мөлшерде кететін жанар жағармайдың, қаржының көлемін үнемдеуге болады. Жүйек аралық баптау кезінде минералды тыңайтқышты, мақтанын басын шырпуды бір мезгілде жүргізуге болады. Осы шаралардың арқасында агротехникалық шаралардың санын 32-ден 28-ге дейін қысқартуға, сонын есебінен кететін шығынды 33 пайызға азайтуға болады. Суқорүнемдеу технологиясын қолдана отырып топырақтың тұзданбауына, кететін шығынды азайта отырып өнімнің өзіндік құнын кемейтуге қол жеткізіледі.