Қазіргі таңда мақта шаруашылығының даму кезеңіндегі пісіп жетілген мақта өнімін жинап алу, күрделі проблемалардың бірі болуда. Сондықтан пісіп жетіліу кезеңінде әртүрлі мақта сорттарының биологиялық және оларда жүретін метаболизм процесстерінің ерешеліктерін ескере отырып қоршаған ортаға зиянсыз, сондайақ тиімділігі жоғары дефолианттарды қолдану, мақта өнімділігін және оның сапасын көтеруде үлкен рөл атқарады. Дефолианттардың тиімділік әсерлері өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерімен бірге температураға, қоршаған ортаға, топырақ ылғалдылығына және ауасына, топырақ құнарлылығына, өсімдіктің қоректену деңгейіне және де препараттардың қолдану әдісі мен мерзімдеріне де байланысты болады. Дефолианттардың тиімді әсерлерінің шешуші факторлары – бұл өсімдіктің биологиялық жағдайы. Препараттарды қолдану кезеңінде әртүрлі мақта сорттары дефолианттарға әртүрлі қуаттылық танытады, яғни жапырақтарының түсуі және көсектердің ашылуы әртүрлі болып келеді. Сондықтан да мақта сорттары химиялық препараттардың әсерлерін әртүрлі сезінеді.