Бүкіл агротехникалық шаралардың арасында топырақты мұқият баптап өңдеу аса маңызға ие. Топырақты дұрыс әрі дер кезінде себілген шиттің тез өніп шығуын және шитті мақта өнімін неғұрлым мол алуды қамтамасыз етеді. Топырақты сапалы өңдеу оның құрылымын жақсартады және егіс алқаптарындағы арамшөптерді жояды, топыраққа ауаның кіруімен бір мезгілде онда ылғалдың барынша жақсы енуімен сақталуына игі ықпалын тигізеді, сондай-ақ өсімдікке қоректік заттардан тұратын пайдалы микроорганиздердің қызметін күшейтеді.