Сүдігер айдалып, соры шайылған алқаптарға бірінші кезекте жүргізілетін агротехникалық әдістердің бірі, бұл тырмалау. Тырма салу суқорүнемдеу технологиясың негізгі элементтерінің бірі болып есептелінеді. Ол топырақтың жоғарғы қабатындағы ұсақ қуыстарды жайып, ылғалдың буға айналуын кеміте отырып, оның жақсы сақталуын қамтамасыз етеді. Технология бойынша тырмалауды 4-5 сантиметр тереңдікте жүргізе отырып, 2-3 рет қайталаса тиімді болады.