Жақсы тегістелген жерде сор шаюға кететін су шығыны азайып, мақта біркелкі шығуымен бірге мақта қозасының керекті түп санын алуға қол жеткізіледі. Жазғы вегетациялық суару кезеңдерінде де жүйектерге су біркелкі тарап топырақ біркелкі намданады, соның есебінен жүйекаралық қопсытуды сапалы жүргізе отырып, мақтаның біркелкі пісуіне жағдай жасалады.Ауыспалы егіс кестесінде мелиоративтік жер болатын болса, күрделі жер тегістеу жұмыстарын жерді екіге бөліп жаз айларынан бастаған дұрыс. Жылдың бірінші жартысында бірінші жер бөлегіне тегістеу жұмыстарын жүргізіп, содан соң жүгеріні көк майсаға себу, ал жердің екінші жартысына керісінше жылдың бірінші жартысында жүгеріні көк майсаға себіп, ал жердің екінші жартысына күрделі жер тегістеу жұмыстарын жүргізген дұрыс.