Облыстың климат жағдайы әр түрлілігімен ерекшеленіп, инсоляцияның және жылу ресурстарының көптігімен өзгешелінеді. Жазы ыстық, ұзақ және құрғақ, қысы жылы, қысқа, жиі-жиі жылып кетеді, қар аз жауады. Орташа температурасы 00С-дан жоғары болатын аязсыз күндерінің ұзақтығы солтүстікте 8 ай болса, оңтүстікте 10 ай. Жылдың орташы температурасы 8-140С аралығында болады. Жылдың ең суық айы - қаңтар. Бұл айдағы орташа температура оңтүстікте минус 00С-дан солтүстікте минус 100С-ға дейін. Температураның ең төменгі көрсеткіші кейжылдары 30-350С суықты көрсетеді. Ең ыстық ай - шілде. Бұл айдағы орташа температура солтүстікте 240С, оңтүстікте 350С шамасында. Температураның ең жоғары көрсеткіші 40-450С-ды көрсетеді. Шөл аймақта жауын-шашынның жылдық мөлшері 120-150 мм, жартылай шөл - 250-300 мм, ал таулы және тауға жақын аудандарда 400-800 мм. Жауын-шашын әр мезгілде әр түрлі түседі. Ең көп мөлшері наурыз, сәуір айларында, ең азы жазда түседі (5-7%). Қысқы және көктемгі жауын-шашын жылдық мөлшердің 70-80% құрайды.