Бұл шара өсімдіктің тамыр жаятын топырақтың жоғарғы қабатын қопсытуға үлкен әсерін тигізеді және топырақ көлем салмағын 20 пайызға төмендетеді.Жерді 40 сантиметрге терең айдау топырақтың су өткізгіштігін жоғарылатып, сор шаюға кететін су мөлшерін 27 пайызға төмендетіп, бұрыннан қолданылып жүрген жер жырту технологиясымен салыстырғанда суды гектарына 300-400 м3 /га үнемдейді.Топырақтын жоғарғы қабатындағы зиянды тұздардың мөлшерін 70 пайызға төмендетеді.