Қолданылып жүрген технологиядан суқорүнемдеу технологиясының айырмашылығы суарудан кейін жер қатпай жатып жүйекаралық культивацияны жүргізу. Бұл агротехникалық шараның тиімділігі, суарудан кейін топырақ бетінде пайда болатып жарықтарды жабу, соның есебінен ылғалды сақтап қалу және жер асты суларымен бірге көтерілген зиянды тұздары топырақ бетіне жібермеу.Мақта алқаптарын суарудан кейін жүйек аралық қопсыту ылғалдың буға айналып ұшуын 35-40 пайызға төмендетеді, соның есебінен мақта егістігін кейінгі вегетациялық суару кезінде 20-25 пайызға дейін ағын суды үнемдеуге қол жеткізіледі.