Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институт ғалымдары шағын шаруа қожалықтарына арналған 2:1 (2 жыл жоңышқа + 1 жыл мақта) және агромелиоративтік алқаптардан тұратын 1:2 (1 жыл дәнді-дақылдар - жүгері, арпа (агромелиоративтік алқап – органикалық тыңайтқыштар ендіру, терең жер жырту, күрделі тегістеу, ерте сор шаю) + 2 жыл мақта) сияқты жаңа тиімділігі жоғары қысқа танапты ауыспалы егіс тізбектерін жасап шығарды.