Мақта шаруашылығында механизациялық шаралардың өркенделуі мақта қозасын өңдеу жұмыстарын және шитті мақта өнімін жинау жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етеді. Дегенмен мақта жапырақтары терім машиналарының бір қалыпты жұмыс істеуіне кері әсер етеді, сондықтан мақтаның өнім алды жапырағын түсіру жұмыстарын дер кезінде жүргізілуі қажет.Шитті-мақтаның өнімін қол теріммен жинап алу, көп еңбек сіңіруді керек етеді және де қымбатқа бағаланатын шаралардың бірі. Шитті мақта өнімін қол теріммен жинап алу, күздің соңғы күндеріне дейін созылуына, өнімнің және шитті-мақтаның сапасының төмендеуіне және күзгі-қысқы жұмыстар мерзімінің кешігуіне алып келеді. Сонымен шитті мақта өнімін барынша қысқа мерзім ішінде шашпай-төкпей, ысырапсыз жинап алу үшін қозаның жапырағын дер кезінде сапалы әрі біркелкі түсіре алатын қажетті дефолианттарды тиімді қолдануды керек етеді. Дефолиация жүргізудің оңтайлы мерзімін анықтауда қоза көсегінің өсіп-жетілуі мен күзгі ауа райының жағдайын ескере отырып таңдаудың маңызы зор. Қозаны тым ерте, алғашқы, қауашақтары әлі ашылмаған кезде дефолиациялау, өнімнің азаюуына және мақта талшығы сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Сондықтан дефолиацияны өз уақтысында жүргізу керек.