Әр көсектің беретін өнім салмағы бұрын жыл сайын қайта қайта мақта егіліп келген жерде 3,5-4,5 граммнан тура келсе, ал ауыспалы егіс тізбектерінден жоңышқалықтан кейінгі танаптарда бұл көрсеткіш 6-6,5 граммға дейін жеткен. Сондықтан да егін шаруашылығын тиімді түрде жүзеге асырудың негізгі элементтерінің бірі ретінде әрбір топырақ-климат аймағының өз ерекшеліктеріне қарай ауыспалы егіс жүйесін оңтайлы жүргізу болып табылады, сол сияқты тәлімі жерлерде ауыспалы егістер жоңышқа, дәнді-дақылдар сияқты дақылдармен игерілуі керек.