Жер жырту жұмыстарын сапалы жүргізу, оның мерзіміне де байланысты. Жер жырту жұмыстарын жүргізуде уақыт шектелген, себебі қазан айында бітетін жиын-терім жұмыстарынан кейін тез арада ауа райының суып кетуі немесе жауын-шашынның көп болуы бұл жұмыстарға кедергі болуы мүмкін.Қазақстанның мақта егетін солтүстік аудандарында жер жырту жұмыстарын желтоқсанның біріне дейін, ал басқа аймақтарда желтоқсанның 10-на дейін аяқтау ұсынылады.Жоңышқа мен жүгеріден ерте босаған егіс алқаптарында жер жырту жұмыстарын солтүстік аудандарда қазанның 15-20, ал Оңтүстік аудандарында қазанның 20-25 жұлдыздарына дейін жерді 40 сантиметр тереңдікке жыртып жүргізген тиімді.