Жер жырту жұмыстарын сапалы жүргізу, оның мерзіміне де байланысты. Жер жырту жұмыстарын жүргізуде уақыт шектелген, себебі қазан айында бітетін жиын-терім жұмыстарынан кейін тез арада ауа райының суып кетуі Егер бұл жұмыстар кұркүйек айында – ерте жүргізілсе, ерте көктемде егіс алқаптарында арам шөп қаптап, оларды құрту үшін қосымша шығын жұмсаумен бірге ерте көктемдегі егіс алды жұмыстарды терең жүргізуге тура келеді. Бұл қыста, көктемде жиналған ылғалды сақтап тұруға кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының минерализация процессі тез жүруіне байланысты, жиналатын шіріндінің мөлшерін азайтуы мүмкін.Жер жыртудың тиімді әдістерін қолдану жердің тегіс болуына, суарған кезде егістікте судың бір келкі жайылуына, соның есебінен өсімдіктің жақсы өсіп дамуына үлкен әсерін тигізеді.Технология бойынша мақта егістіктерін жыртуда загонға бөліп айдау әдісі қолданылады. Загонмен жер жыртуды ішке немесе сыртқа қарай аударып жүргізуге болады. Жерді загонмен бөліп айдаған кезде загонның ені 40-50 метрден аспағаны жөн. Бірінші загонды ішке қарай аударып айдай отырып, екіншісін сыртқа қарай аударып жыртқанда егістіктің тегіс болуына қол жеткізуге болады. Соның есебінен сор шаю кезінде көп мөлшерде ағын суды үнемдеуге қол жеткізіледі.